Шерзат Болаттың өлімінен соң Алматы облысындағы прокурорлар қызметінен қуылды
Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры креслосын босатты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды. Бұл туралы бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы бас прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С.Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Е.Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды, - делінген мәліметте.
Ведомство мұндай шешімге қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болғанын алға тартқан.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор
