Қостанай тұрғыны сот арқылы бас дәрігер қызметіне отырды

Аиса Махамбет Редактор
19.10.2024, 10:11
1073
Қостанай тұрғыны сот арқылы бас дәрігер қызметіне отырды pixabay.com

Әкімдік оны бас дәрігер етіп тағайындауға асықпаған. Сол үшін маман сотқа жүгінген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігерін тағайындау ісінде шу шықты. Әкімдік іріктеуден өткен маманмен еңбек шартын жасасуға асықпаған. Осыдан кейін ол сотта өз құқығын қорғауға мәжбүр болды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қостанай қалалық ауруханасының бақылаушы кеңесі бас дәрігердің лауазымына маманның кандидатурасын мақұлдаған. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы онымен еңбек келісімшартын жасауға асықпаған.

Жұмысқа алмау себебі ретінде әкімдік маманның денсаулық сақтау саласында менеджерлің сертификаты жоқ екенін айтқан.

Бірінші инстанция соты маманның біліктілік талаптарына сай келмейтінін көрсетіп, арызын кері қайтарған. Іс апелляциялық сотқа жеткен.

Сот 2020-2023 жылдар аралығында денсаулық сақтау саласы бойынша менеджерлердің анықтамалары берілмейтінін анықтады. Осылайша, байқауды ұйымдастырушылар әдейі мүмкін емес талап қойды. Сонымен қатар, талапкер кейіннен қажетті анықтамасын алғаннан кейін басшы лауазымына тағайындауға ешқандай кедергі болған жоқ, - деп түсіндірді облыстық сот.

Сот талапкердің жағын қабылдап, әкімдікке оның талаптарын орындауға міндеттеді.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды