«Ақтөбеде қалыңдықтар қыз жасаусыз қалды»: Ата-аналар жиһазға тапсырыс беріп алданып қалған

Аиса Махамбет Редактор
20.10.2024, 09:27
2084
«Ақтөбеде қалыңдықтар қыз жасаусыз қалды»: Ата-аналар жиһазға тапсырыс беріп алданып қалған бейнежазбадан алынған кадр

Ақтөбеде ондаған қалыңдық қыз жасау жиһазынсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, той күнінде құдалар алдында ұятқа қалған ата-аналар екі рет шығындалуға мәжбүр болған. Айтуларынша оларды тойға дейін жатын бөлме жиһаздарын арзан бағада жасап береміз деп тапсырыс алған әйел алдаған. Аталған жайттыата-аналар Ктк арнасына жеткізген. 

Ақтөбенің 22 тұрғыны үшін үйлену тойға дайындық кезінде қыз жасауға арналған жиһаз іздеген. Олар сатушыны әлеуметтік желіден көріп қалған. Жатын бөлмелерінің әдемі фотосуреттері мен қолайлы бағасы бірден назарларын аударған. Кейін саудагермен бетпе-бет кездескен кезде тіптен сенімге кірген. 

“Олардың терезесінен бір ғана жиһаз көрініп тұрды. Қалғанының бәрін суреттен қарадық. Біз оның парақшасынан өзімізге ұнаған жиһазды таңдадық. Олар бізге жақсы жеңілдік жасады. Мен сол жерде толық төлем жасадым. Ақпан айында төледім, қыркүйекте олар бізге жеткізуі керек еді. Бірақ міне үйлену тойы өтті, олар ештеңе әкелмеді”, – деді Кәмшат Сағандықова.

Гүлмира Саменова салдарынан шығынға ұшырағанын айтты.

“Қайта шығындадық. Жиһаз келмегесін басқа жиһаз сатып алдық. Маған жиһаз 5 тамызда жеткізілуі керек еді. Содан бері "әкелемін, әкелемін, арыз жазбаңыз" деді. Кейін, 30 тамызда арыздандым”, – деді ол.

Қазір полиция бұл істі қарап жатыр. 39 жастағы әйел аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдіктелуде. Дегенмен әзірге іс тоқтап тұр. Сбебі кәсіпкер ресейлік жиһаз компаниясымен серіктескенін және сол компания тауарларды кешіктіріп жатқанын жеткізді. Құқық қорғау органдары осы ақпаратты тексеруде.

“Жақында сотқа дейінгі тергеу процесі Ресей Федерациясына халықаралық сұрау жолдауына байланысты тоқтатылды. Көрші елден жауап алғаннан соң бірден тергеу іс-шараларын жалғастырамыз”, – дед Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бастығыі Әсет Қалиев.

Бүгінгі таңда жалпы шығын 14 миллион теңгеден асатыны белгілі болд. Полицияға іс бойынша жаңа арыздар келіп түсуде. Сондықтан бұл сома әлі де өсуі мүмкін.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген