903

Шудың бойында: Жамбылдық тұрғыннан 13 келі есірткі тәркіленді

Жамбыл облыстық Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп есірткі заттарын сату мақсатында дайындап, сақтады деген күдікпен Байзақ ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады.

Шудың бойында: Жамбылдық тұрғыннан 13 келі есірткі тәркіленді
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Оның тұрғылықты жерін тінту барысында Тэя атты қызметтік ит ішінде өткір иісті жасыл түсті өсімдік тектес заты бар қапшықты табуға көмектесті. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 13 келі 60 г кептірілген марихуана болып табылады.

«Сот күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, барлық мән-жай анықталуда», - деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Асқар Жұмабеков.

Материал авторы