Астанада алғаш рет электрондық апостиль бойынша халықаралық форум өтті

21.10.2024, 18:49
663
Астанада алғаш рет электрондық апостиль бойынша халықаралық форум өтті MNU

2024 жылдың 21-22 қазанында Астанада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Maqsut Narikbayev University-нің ұйымдастыруымен, Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысы Кристоф Бернасконидің қолдауымен, электронды апостиль бағдарламасы бойынша 13-ші Халықаралық форум өтуде.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, аталған іс-шара ерекше маңызға ие, өйткені осындай ауқымды форматтағы форум алғаш рет Орталық Азия елінде өткізілуде.

Форумға 16-дан астам елдің сарапшылары мен практиктері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қатысушылар «Е-Апостиль» бағдарламасын енгізу мен пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісті және жүйені одан әрі жетілдіру үшін бірлескен ұсыныстар әзірледі.

«Бұл 2019 жылдан бері, Бразилияның Форталезасында өткен 11-ші e-APP форумынан кейінгі алғашқы ашық форматтағы кездесу. Сондықтан толық форматқа оралу және 300-ден астам қатысушының, соның ішінде 70 келіссөз жүргізуші тараптары мен Конвенцияға қатысушы емес үш мемлекеттің өкілдерін көру ерекше қуантады»,- деп атап өтті Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Бас хатшысы Кристоф Бернаскони.

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев форумның маңыздылығын атап өтті:

«Электрондық апостиль — халықаралық құжат айналымын жеңілдету, ашықтық пен қауіпсіздікті арттыру жолындағы маңызды қадам».

Maqsut Narikbayev University Провосты Сергей Пеннің айтуынша:

«Біздің университет 2019 жылдан бастап Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясымен серіктестік құрметіне ие болды. Сондай-ақ, біз Орталық Азияда Гаага конференциясының өкілі ретінде қызмет ететін Антенна ретінде жұмыс атқаратынымызды даатап өту маңызды. Осы рөліміз арқылы біз Гаага конференциясына мүшелікке қосылуды белсенді түрде насихаттап, оның конвенцияларын бүкіл аймақ бойынша ратификациялауды ынталандырамыз»,- деді ол.

Қазақстанда аталмыш форумды өткізу –  елдің апостилизация процестерін цифрландыру саласындағы көшбасшылық орнын атап көрсетеді. Мұндай форумдар бұған дейін Америкада, Еуропада және Азияда өтті, енді Қазақстан халықаралық деңгейде апостилизацияның цифрландыру мәселелерін талқылайтын негізгі орталыққа айналды.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды