1869

«Қыз болғанша тоқтамаймыз»: танымал актер Тәуекел Мүсілім Лос-Анджелесте баласының жынысын анықтады

Танымал актер Тәуекел Мүсілім Лос-Анджелесте отбасымен бірге гендер пати өткізді.

«Қыз болғанша тоқтамаймыз»: танымал актер Тәуекел Мүсілім Лос-Анджелесте баласының жынысын анықтады
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі отбасын алып, АҚШ-қа аттанған еді. Жақсы жаңалықты әйелі Махаббат жариялады. 

“Аллаға сансыз шүкірлік болсын! Үш бар жерде күш бар. Біздің үшінші бөпеміз де батыр болады. Алақай!”, – деп жазды блогер келіншек. 

Отандық киножұлдыз да құттықтап жатқан жандарға алғыс білдіріп, қызды болғысы келгенін де жасырмады. 

“Қыз болмағанша тоқтамаймыз! Әрине, қалжың ғой. Сәл үзілістен кейін тағы ұмтылып көреміз”, – деп әзілдеді актер. 

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор