«Қызылордада - қазақша, Қарағандыда - орысша»: Журналист жарыстарды тек қазақ тілінде өткізуді талап етті

Аиса Махамбет Редактор
21.10.2024, 20:30
1000
«Қызылордада - қазақша, Қарағандыда - орысша»: Журналист жарыстарды тек қазақ тілінде өткізуді талап етті olympic.kz

Ол Қызылордадағы жарыстарды Қарағандыдағы жарыстармен салыстырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қарағандылық журналист, блогер Айсұлтан Жақыпов Қызылордада ауыр атлетикадан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатындағы жағдайды Қарағандыдағы жарыстармен салыстырды. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

БАҚ өкілінің сөзінше, Қызылорда облысында чемпионат тек мемлекеттік тілде ғана өтіп жатыр.

«Аяқ асты ауыр атлетикаға қызығып кеткен түгім жоқ. Былтырдан бері ұлым осы спорт түрін таңдаған соң біз де жайлап ережесін, қыр-сырын түсіне бастадық. Неше күннен бері әркімнің тиктогынан бақылап отырмын. Айтпағым, чемпионат таза қазақ тілінде өтіп жатыр. Ортаға шақыруы, салмақты хабарлауы, барлығы мемлекеттік тілде. «Салмақты бағындырды» немесе «Қап, әттеген-ай көтере алмай қалды» дегендей пікірлерді мына жақта отырып естіп отырмын. Біздің Қарағандыда бұл спорт түрінен облыстық деңгейдегі бірер жарысты көрген болатынмын. Бәрі орысша. Кімнен қорқамыз? Кімге жалтақтаймыз?», - деді Айсұлтан Жақыпов.

Оның айтуынша, солтүстік өңірден барған спортшылар қазақша хабарландыру естіп, өзге ұлт өкілдері қиналмай-ақ түсініп жатыр.

«Біздің Шахтинскіден кеткен, Атбасар, Көкшетау, Степнагорск, Павлодар мен Петропавлдың славян тектес ұлт өкілдерінің балалары ортаға шатаспай-ақ шығып жатыр. Салмақты бағындырған соң келесіге тапсырыс беруінің бәрі қазақша. Солар мында қайтып келген соң қайтадан замыкайттап қала ма не? Меніңше, осындай жарыстардың барлығы қазақ тілінде өткені дұрыс. Мүмкін, бізде осы спорт түрінен қазақша хабарлап отыратын маман жоқ шығар? Салмақ бойынша іріктеп, тіркеп берсе соларды өзім-ақ хабарлап отырар ем. Ұлт үшін, мемлекет үшін демей-ақ қояйын. Ұлым үшін хабарлап берер ем», - деп жазды блогер.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді