Талғарда белгісіз біреулер ер адамды ұрып-соғып, бетон каналға лақтырып кеткен (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
22.10.2024, 13:54
7075
Талғарда белгісіз біреулер ер адамды ұрып-соғып, бетон каналға лақтырып кеткен (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Талғарда белгісіз біреулер ер адамды ұрып-соғып, бетон каналға лақтырып кеткен. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желіде соққыға жығылдым деген ер адамның видеосы тарады. Видеода ер адам Талғар қаласының тұрғыны екенін, өзіне белгісіз біреулердің шабуыл жасап, қатты соққыға жыққанын айтады. Ал болған оқиғадан кейін полиция соққыға жығылған ер адамның үстінен іс қозғаған. 

Оқиға 28 тамыз күні болған. Талғар тұрғыны жаңа мотоциклын сынау үшін БСРка аумағына кірген. Бір кезде құмға батып, тоқтап қалыпты. Осы кезде оның қасына белгісіз екі жас жігіт келіп, не істеп жүргенін сұрай бастаған. Жәбірленуші оларға ескерту жасағаннан кейін екеуі ер адамға шабуыл жасап, басынан ұрған.

"Олардың біреуі "оны ұйықтату керек", "басынан теп" деп айқайлап тұрды. Біреуі мені тұншықтырды, ал мен ес-түсімді жоғалта бастадым. Олар мені аяғымнан ұстап, бетон каналға лақтырып жіберді", — дейді жәбірленуші.

Жәбірленушінің айтуынша, ауруханада оған бірнеше қабырғасының сынуы, жабық бас-ми жарақаты, басы мен денесінде көптеген жарақаттар бар деген диагноз қойылған. Ер адам полицияға арыз жазып, шабуыл жасағандар анықталыпты. Алайда бірнеше күннен кейін жәбірленуші өзінің үстінен іс қозғалғанын білген.

Алматы облыстық полиция департаменті бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта сараптама тағайындау арқылы барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша оқиғаға құқықтық баға беріледі", – делінген хабарламада.

«АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды