1192

«Блокбекеттер қойылды»: Талғарда зорлық жасады деген тергеудегі күдікті изолятордан қашып кетті

Полиция қамауда отырған күдіктінің қашып кеткенін растады.

«Блокбекеттер қойылды»: Талғарда зорлық жасады деген тергеудегі күдікті изолятордан қашып кетті
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында зорлық жасады деген күдікті изолятордан қашып кетті. Бұл туралы Алматы облыстық ПД мәлімдеді. 

Ақпарат Telegram-дағы "Письма президента" арнасында жарияланды. Онда қашып кеткен адам бірінші өзіне қол жұмсамақ болғаны айтылған. Кейін облыстық ПД өкілдері ақпаратты растады. 

"Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған азамат К. қашып кетті. Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блокбекеттер қойылып, қашқынды іздеп табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды", - делінген ПД өкілдерінің KAZ.NUR.KZ басылымына берген жауабында. 

Сонымен қатар қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалған.

Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені айтылады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор