30 жыл бұрын туған екі баласын өлтіргені үшін сотталған әйел бостандыққа шығатын болды
1994 жылы екі ұлы көлге батырып өлтірген әйел мерзімінен бұрын босату үшін өтініш берген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 30 жыл бұрын балаларын өлтіргені үшін сотталған америкалық Сьюзан Смит бостандыққа шығуы мүмкін.
Ол 1994 жылы екі ұлын көлікке отырғызып, қолын байлап, Оңтүстік Каролинадағы көлге апарып, батырып өлтірген.
Сьюзан Смит сотталғаннан кейін шамамен 30 жыл өткен соң, яғни келесі айда шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш береді.
Фото: apnews
1995 жылы алқабилер Смитті өлім жазасына кеспей, өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Сол кездегі қолданыстағы заң бойынша ол 30 жыл түрмеде отырған соң босатуды сұрауға құқылы болған.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор