1021

Бишімбаев ісінен соң желіде танымал болған прокурорлар мектеп оқушыларымен кездесті

Кездесуде Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков балалардың сұрақтарына жауап берген.

Бишімбаев ісінен соң желіде танымал болған прокурорлар мектеп оқушыларымен кездесті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бас прокуратура мен елорда прокуратурасының өкілдері Астана қаласының №96 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті.

Бас прокуратура мәліметінше, өткізілетін іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, оларда тұрақты өмірлік құндылықтар мен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. 

Кездесу барысында оқушылар құқық бұзушылыққа байланысты нақты өмірлік жағдайларды талқылады. Сондай-ақ оларды қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Ведомство бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын атап өтті.

Айта кетейік, елордалық оқушылармен кездесуге қатысқан прокурорлардың қатарында Бишімбаев ісі бойынша көпке танылған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков те бар.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор