Елімізде азық-түлік қымбаттай ма?

23.10.2024, 15:09
800
Елімізде азық-түлік қымбаттай ма? Shutterstock

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

«Бізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен (ұн, тұз, күріш, макарон, май, картоп, қой еті, сиыр еті, сәбіз) 100 пайыз қамтылған. Одан бөлек, 14 азық-түлік түрлерімен 80 пайызы өзіміздің өнім. Дегенмен 5 азық-түлік бойынша импортқа тәуелділік бар. Жалпы алғанда құс етімен біз өзімізді 73 пайызға қамтамасыз етеміз, шұжық- 60 пайыз, балық - 60 пайыз, ірімшік пен сүзбе - 46 пайыз, қант - 44 пайыз», - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, вице-премьер елімізде өндірілмейтін кейбір көкөніс, жеміс-жидектің баға тұрақтылығына қатысты тәуекел туындауы мүмкіндігін айтты.

«Олардың қатарында апельсин, банан, лимон тағы басқа жемістер бар, яғни қымбаттауы мүмкін, бірақ айтарлықтай емес. Біз тұрақты мониторинг жүргізіп отырмыз, соңғы аптада ешбір тауар қымбаттаған жоқ. Бірақ, инфляцияны ұмытпағанымыз жөн. Бізде инфляция дәлізі бар - биыл 6-10 пайыз. Бұл бағаның орташа өсуін біз осы шекте күтеміз дегенді білдіреді. Экономиканың дамуы бағаның біз белгілеген шегінде өседі», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды