«Жол бойынан табылды»: Талғарда зорланған қыз өзіне қол жұмсамақ болды

Аиса Махамбет Редактор
24.10.2024, 14:30
804
«Жол бойынан табылды»: Талғарда зорланған қыз өзіне қол жұмсамақ болды әлеуметтік желіден

Денесінде соққы іздері бар қыз жол бойында табылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде жедел жәрдем қызметкері жазба жариялады. Медицина қызметкері Талғар ауданында жол жиегінен зәбір көрген, денесінде соққы іздері бар қыздың табылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Алматыда жұмыс істейтін жедел жәрдем қызметкері 23 қазан күні үйіне, яғни Тұздыбастау ауылына қайтып бара жатқанда жол жиегінде жатқан қызды көріп қалған.

“Алтынай дәмханасынның жанында жатыр екен. Көліктер жүріп жатқан жолдың жанында 3 автокөлік тұр екен. Адамды қағып кетті екен деп ойладым. Науқасты тексеру барысында қыздың 18 жаста екені анықталды. Білектегі жарақаттан қан кеткен. Жолдан өтіп, мән-жайды білмек болдым. Қызға көмектеспек болған адамдардың сөзінше, қыз көліктер жүріп жатқан жолда тұрып, кенет құлаған. Сөйтіп оны жол жиегіне қарай шығарыпты. Дереу жедел жәрдем шақырдық. Уақыт шамамен 09:00 еді”, – делінген жазбада.

Медицина қызметкерінің айтуынша, кейін қызды әлдекімдердің зорлап, ұрып-соғып кеткені белгілі болды.

“Болған жағдайдан кейін өзіне қол жұмсамақ болған. Сол қолының білегінде жарақат бар. Жарақат аса терең емес, бірақ қансырап жатты. Сондай-ақ мойын тұсында жарақат бар. Мен алғашқы көмек көрсеттім”, – деп жазды автор. 

Ол 103-ке бірнеше рет хабарласқанын және 102-ге қоңырау шалғанын айтады. Алайда 40 минут күткенде ешқайсысы келмеген. Медицина қызметкері қыздың жақындарына хабарласып, жағдайды түсіндірген. Хабар алған қыздың анасы, құрбысы мен атасы дереу жетті. 

Алматы облысының полиция департаменті болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл ретте қыздың өзі соққыға жығылып, зорлағанын жоққа шығарып, арыз беруден де бас тартты.

“Соған қарамастан полиция өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған