«Ысырап жасамадық»: Абай Бегейдің 16 жасында ұзатылған қызының жасауына 40 млн теңге кеткен

Аиса Махамбет Редактор
24.10.2024, 17:45
1059
«Ысырап жасамадық»: Абай Бегейдің 16 жасында ұзатылған қызының жасауына 40 млн теңге кеткен жеке мұрағатынан

Жастар Алматыда бөлек тұратындықтан, қолданатын заттарын ғана бердік дейді блогер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова әншінің екінші қызы Сымбаттың қыз жасауына қатысты қауесетке нүкте қойды.

Блогер келіншек қыз ұзату оңай емес екенін  "Айтарым бар" подкастында баяндап берді. 

"Ұлды үйлендіргеннен гөрі, қыз ұзату қиын екен. Бірақ бәрі ойдағыдай жақсы өтті. Оңай емес шынымен. Себебі мен жаспын. Менің жасыма мұндай мәртебе оңай емес. Үшінші рет құдағи болып отырмын. Қыз ұзату оңай емес екен. Біреу қыз ұзатып жатса, "көріп тұрады ғой, несіне қиналады" деген ой болатын. Бірақ өз қызың кеткенде сол күйді сезіну қиын”, – деді Фариза Жұманова. 

Одан кейін көпшіліктің талқысына түскен қыз жасауына қатысты ойын да бөлісті. 

“Негізі, күйеуімнің ең үлкен қызы Ерке ұзатылған кезде оның жасауын дәл осындай, тіпті асырып жинап берді. Бірақ ол кезде Instagram қатты танымал болмағаннан кейін білінбей қалды. Осы жолы мен де, үлкен қызымыз да, келінім де блог жүргізгендіктен, жасау қатты танымал болып кетті. Контент үшін жан-жақтан салдық. Жалпы, Ақтау жақта кез келген қыздың дүниесін сондай етіп жинайды екен. Сымбаттың өзіне керек дүниелерді ғана бердік. Ысырап болатындай артық нәрсе жоқ. Олар төрт жыл бойы Алматыда бөлек тұратындықтан, өзі қолданатын заттарын ғана жинадық", – деді желі жұлдызы. 

Бұған дейін әншінің келіні Сымбаттың жасауына кеткен ақшаны айтқан еді. Ол "Үйлену тойындағы сыйлаған көлікті есептемегенде 40 миллион теңгедей кетті" деген еді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді