«Прокурор екеуі бір кабинетте ақылдасып отыр»: 15 жастағы ұлынан айырылған жалғызбасты әке әділдік талап етті

Аиса Махамбет Редактор
24.10.2024, 18:30
3037
«Прокурор екеуі бір кабинетте ақылдасып отыр»: 15 жастағы ұлынан айырылған жалғызбасты әке әділдік талап етті бейнежазбадан алынған кадр

Жалғызбасты әке сот процесінің әділ өтпей жатқанына наразылық білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысында 15 жастағы жалғыз ұлынан айырылған 43 жастағы Медеу Арыстанбекұлы баласы Абдул-Азиз өзінен 9 жас үлкен жігіттердің әлімжеттігінен көз жұмғанын айтты. Ашынған әке шарасыз жағдайын Stan.kz басылымына берген сұхбатында айтып берген. 

Абдул-Азиз – үш баласын жалғыз асырап отырған әкенің ортаншы ұлы. Оның артында әпкесі мен қарындасы қалды. Әкесінің айтуынша, ол спортпен айналысқанды ұнатқан. Тіпті облыстық жарыстарда биіктерден көрініп жүрген.

“2021 жылы жұбайым үш баламды тастап ажырасып кетті. Екі қызым мен жалғыз ұлым осы еді. Өзі спортшы болды. 90 келі салмақта облыстық қол күресінен 1-2-орынды ешкімге бермей келе жатқан. 15 жаста әлі сүйегі қатпаған бала еді”, – деді Медеу Арыстанбек.

Көз жұмған оқушы Абдул-Азиздың ісі Жаңақорған аудандық сотында қаралып жатыр. Әкесінің айтуынша, прокурорлар тергеу ісінің дұрыс аяқталмағанына қарамастан оны сотқа өткізіп жіберген. Тіпті бұл туралы марқұмның туыстарына да айтпаған. 

“Тергеу ісі толық аяқталмаған. Солай сотқа өткізіп жіберіп отыр. Оны бізге де ескертпеген. Тергеудің сотқа жеткенін кейін ғана білдім. Бірінші сот отырысы болайын деп жатыр деген хабарлама да, шақырту да келмеді. Жәбірленушілер болып бұл отырысқа қатыспадық та. Айыпталу актісін заң бойынша тергеуші маған алдын ала беруі керек екен. Ал олар маған актіні 20 күннен кейін, екінші сот отырысы кезінде беріп тұр. Онда да сот үстінде берді. 

Кешегі үшінші сот отырысы 15:30-да басталуы керек болған. Алайда басталмай күтіп қалдық. Болмаған соң сағат төрттерде менің адвокатым “бұл недеген бассыздық” деп сот залынан шыққан кезде өзге кабинеттен прокурор мен айыпталушының адвокаты бір жерде отырғанын көрді. Сот кешігіп, басталмай жатты. Ал олар бір бөлмеде нені ақылдасып отырғандары белгісіз. Күдік көп, әділетсіз болғалы тұр, – деді марқұмның әкесі. 

Медеу Арыстанбек сол іске қатысы бар үш ұлдың біреуі ғана кінәні мойнына алып отырғанын жеткізді. Ал қалған екеуі күдікті болудың орнына куәгерге айналып кеткен екен.

“Негізінде  бәленің бәрін бастаған сол екеуі. Жастарды жинап, ауыл шетіне алып шыққан да сол екеуі. Ұлымды Түркістаннан келген бала ұрған. Абдул-Азиз сол арада қор етіп құлаған. Содан кейін жүргізуші мен үшеуі көлікке салып алып, көрші ауылдың ауруханасына апарған. Ол жабық болған соң қайта ауылға келіп, жазық алаңға, шөп үстіне “турниктен өзі құлап қалды” деп жатқызған. Сөйтіп ауылдың медпунктіне апарған. Бастан аяқ сол үшеуі бірге жүрген. Соған қарамастан екеуін жай куәгер етіп отыр. Олар бостандықта жүр. Мұны қанша мәрте аудандық, облыстық прокуратураға айтып, арыз тастадық. Бас прокуратураға дейін бардық. “Екеуі қамалсын” дедік. Ешкім құлақ аспады. Ал кеше сұрақ жауапта сөздерінен ұсталып, тергеушіге берген өз түсініктемесіне өзі қарсы шығып тұр”, – деп қосты ол.  

Марқұмның әкесінің айтуынша қазір басты күдікті болып, қамауда 24 жастағы жігіт отыр. Ал төбелестің басты себебі әлімжеттік екен. Медеу Арыстанбек ауылда үлкен жігіттердің кішкентайлардан ақша жинайтынын да жасырмады.

“Көшеге шығыңдар деген уақытта біреуі шықпай қалса, тағы ұрады. 

Қамауда отырған түркістандық бала сол күні мас болып келген. Менің ұлымнан төмен оқитын 7-8 баланы бір-бір ұрып қайтарған. Енді кішкентай ғой олар. Ал біздің балаларға келіп “10 соққыға қарсы тұра аласың ба” деген. Кейін ұрған. Сол кішкентай балалардың біреуі сол кезде қолында пакет болғанын айтты. Яғни сусындарын алып жүрген. 

Соттан әділдікті талап етемін! Сол екеуі де қамалуы керек! Өйткені қылмысқа қатысушы болып тұр. Осы үшеуі заң аясында әділ жаза алсын! Облыстық прокуратураға барып, аяғымнан тоздым. Тергеушіні ауыстырсын деп едік, оны да ауыстырмады. Біз секілді қара халықтың сөзі мүлдем жүрмейді екен ғой!”, – деп қорытты ашынған әке.

Осы жайтқа байланысты Stan.kz тілшісі Жаңақорған аудандық сотына сауал жолдап, неліктен процестің бұлай жүріп жатқанын сұраған.

“Сот процесі тағайындалған уақытта басталып, іс бойынша куәлар кәмелет жасына толмағандықтан, психолог маманның қатысуы міндетті болып, судьямен үзіліс жарияланған. Прокурор мен қорғаушының сөйлесіп отыруы жеке бастарының шаруасына жатады”, – деп жауап берді. 

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады