ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясы — достық мекені

25.10.2024, 09:03
835
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан академиясы — достық мекені ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан академиясы еліміздегі күштік құрылымдарға кадрлар даярлауда маңызды рөл атқарады.

1997 жылы құрылған Академия (ол кезде әскери училище болған) мемлекеттің қауіпсіздігін қорғауға дайын болашақ офицерлерге білім беру орталығына айналды. 2009 жылдан бастап Тәжікстан Республикасынан келген курсанттардың аталмыш әскери оқу орнынан білім алуына мүмкіндік берілуібілім ордасындағы тарихи оқиға. Бұл шешімді мемлекетаралық қатынастарды нығайтудағы және мәдени интеграцияға ықпал етудегі маңызды қадам деуге болады.

АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕР

2009 жылы Тәжікстан курсанттарының алғашқы легі келе бастады. Осы буын 2013 жылы оқуды тәмамдап, білім ордасының халықаралық статустағы алғашқы шығарылымының түлектері атанды. Содан бері, міне, 16 жыл ішінде 90-нан астам тәжік курсанты дипломдар мен лейтенанттық погондарға ие болып, офицерлер санатына қосылды. Бұл дайындықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Оқыту барысында олар тек теориялық білім алып қана қоймай, сонымен қатар қызметке қажетті практикалық дағдыларды меңгерді.

ҚАЗІРГІ ЖЕТІСТІКТЕР

Бүгінгі таңда Академияда Тәжікстан Республикасынан келген 40-тан астам курсант оқиды. Олардың бойында түрлі бағдарламасын сәтті меңгеруге мүмкіндік беретін оқуға деген ұмтылыс пен мықты мотивация бар. Тәжікстандық курсанттар өздерінің дағдылары мен қабілеттерін көрсете отырып, түрлі оқу және спорттық іс-шараларға белсенді қатысады. Олардың көпшілігі қазақ тілін меңгерген, бұл олардың қазақстандық қоғамға сіңісуін жеңілдетеді, екі ел өкілдері арасындағы мәдени алмасуға ықпал етеді және ана тілімізге деген құрметтерін көрсетеді. 

Курсанттар ғылыми-зерттеу жобаларынан да тыс қалған емес, алуан тақырыпты зерделей жүріп, қауіпсіздік саласындағы білімдері мен дағдыларын тереңдетуде. Олардың қазіргі таңдағы жетістіктері халықаралық жүйеде білім берудегі кешенді тәсілдің маңыздылығын білдіреді.

МӘДЕНИ ДӘСТҮРЛЕР

Тәжіктер үшін маңызды мерекелердің бірі6 қарашада атап өтілетін Тәжікстан Республикасының Конституциясы күні. 1994 жылы осы күні Конституцияны қабылдау бойынша өткен жалпыхалықтық референдум мемлекеттің одан әрі дамуына негіз болды. Бұл мереке тәжік халқының бірлігі мен тұрақтылығын айғақтайды. Қазақстанда оқитын көптеген тәжіктер бұл күнді мақтанышпен атап өтіп, Отанымен мәдени байланыстарын нығайтып, халықтар арасындағы өзара түсіністікке ықпал етіп жүр.

МӘДЕНИ КӨПІР

Ұлттық ұлан Академиясында оқитын Тәжікстан Республикасының курсанттары сапалы білім алып қана қоймай, екі республиканың достығын нығайтуға өз үлестерін қосуда. Олардың оқу процесіне қатысуы курсанттар қоғамында қалыптасқан көпұлтты және көп мәдениетті ортаның әртүрлілігіне ықпал етеді. Елдер арасындағы екіжақты келісім бауырлас халықтар үшін мәдени көпір ретінде байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтады.

ДОСТЫҚ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы Академиясының тарихында тәжік курсанттары оқу орнының ажырамас бөлігіне айналды. Олардың оқудағы, спорттағы және қоғамдық қызметтегі жетістіктері академиялық ортаны едәуір байытты. Олардың белсенді интеграциясы мен мәдениетаралық өзара іс-қимылының арқасында Қазақстан мен Тәжікстан халықтары арасындағы достық байланыстары нығая түсуде.

Болашақ тәжік офицерлері өз еліндегі қауіпсіздікті нығайтуға өзүлестерін қосатынына күмән жоқ

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды