1065

Талғардағы тергеу изоляторынан қашқан күдікті қолға түсті

Ол жиенін зорлағаны үшін тергеліп жатқан кезде қашып кеткен. Енді қамаудан қашқаны үшін оған тағы бір айып тағылады.

Талғардағы тергеу изоляторынан қашқан күдікті қолға түсті
polisia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғар ауданында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторынан қашып кеткен айыпты құрықталды. Бұл туралы Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті К. Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу шараларына қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар атсалысты», - делінген хабарламада. 

Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

«Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін айып тағылады», - дейді құзырлы департаменттен. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор