«Әлем аруы» байқауында Қазақстанның намысын қорғауға Мадина Әлмұханова барады

Аиса Махамбет Редактор
25.10.2024, 14:05
942
«Әлем аруы» байқауында Қазақстанның намысын қорғауға Мадина Әлмұханова барады жеке мұрағатынан

24 жастағы қазақстандық Мадина Әлмұханова 16 қарашада Қазақстан атынан халықаралық "Әлем аруы" байқауына қатысады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мексикада өтетін байқауда аруға қазақы көйлекті қырғызстандық дизайнер Арзубек Вонама тігіп берген. Ал әлеуметтік тақырып ретінде Мадина әлем алдында Салтанат Нүкенованың оқиғасын мысал етіп, елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін қозғамақ. Stan.kz басылымы Мадина Әлмұхановадан сұхбат алған. 

“Әлем аруы” байқауының ұйымдастырушылары бізге, кешкі көйлек, суға түсетін киім (купальные наряды), финалда киетін кешкі костюмды үйлестіреді. Сонымен қатар ұлттық киімімізді де паш етеміз. 

Бұдан басқа екі апта уақытта үлкен кешкі ас, президентпен кездесу және тағы басқа да мерекелік іс -шараларға қатысамыз. Осы екі аптаны асыға күтудемін. Барымды салуға тырысамын. Байқауда еімізді лайықты түрде көрсетуге еңбек етемін”, – деді Мадина. 

Мадина 18 жасынан бастап D&G, Intertop, Gucci, YSL және т.б. ірі брендтердің шоуларына қатысып, кәсіби түрде модельдікпен айналысқан. Ал алда күтіп тұрған әлемдік сайысқа бір жыл дайындалғанын алға тартты. 

Фото: Мадина Әлмұханова Instagram парақшасынан

“Менде байқауға дайындық ағылшын тілін үйренуден басталды. Кейін екі айлық ораторлық қабілетті арттыру курсына қатыстым. Спортпен айналысып, дефильеде жүруге жаттықтым. Негізі дәл қазір қобалжу сезімі жоқ. Себебі 1 жыл бойы дайындалып, өзімді шыңдадым. Еңбегім ақталады деп ойлаймын”, – деді Мәдина Әлмұханова.

Әлемдік байқауда әр ару өз елінің бір әлеуметтік мәселесін көтеруге тиіс. Мадина осы тұста тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын таңдап отыр. 

“Бұл байқауға қатысуда көбісі жай ғана әдемі болу жеткілікті деп ойлайды. Алайда бұл халықаралық конкурс. Мұнда көптеген мемлекеттер қатысады және әр ел өзінің ең мықты қызын жібереді. 

Мадина Алматы облысын аралап, біздің табиғатымыз бен құндылықтарымызды көрсететін видео визитка жасады. Одан бөлек ол бір жылдың ішінде 50 сағат уақытын қайырымдылыққа арнады. 

Сонымен қатар Мадина біздегі соңғы кейстерге байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін әлемдік аренада көтеруге ниеттеніп отыр. Бұл жердегі мақсат Салтанат Нүкенованың мысалын көрсету арқылы бұл мәселеге елдің назарын аудартқымыз келеді. Бұл байқаудың артында үлкен еңбек жатыр”, – деді "Қазақстан аруы" PR менеджері Гүлім Советқанқызы.

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)