«Өнерде 46 жыл жүрдім»: «Барыс» орденін иеленген Нұрлан Өнербаев зейнетке шығып жатқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
25.10.2024, 14:59
3791
«Өнерде 46 жыл жүрдім»: «Барыс» орденін иеленген Нұрлан Өнербаев зейнетке шығып жатқанын айтты жеке мұрағатынан

Танымал әнші Нұрлан Өнербаев 4 қарашада зейнет жасына шығатынын айтып, өнерін қолдаған халыққа алғысын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі "Таңшолпан" бағдарламасында қонақта болып, марапатын күтпегенін жасырмады. 

“Қатты толқыдым деп айта алмаймын. Бір жағынан күтпеген жағдай. Шын айтса, дәл осындай марапат болады деп күткен жоқпын. Ұйғарған екен, лайықты деп тапқан екен. Он күннен кейін жасым 63-ке толып, зейнетке шығамын. Өнердің табалдырығын аттағаныма 46 жыл болады екен. 46 жыл артта қалғанда өнеріме, шығармашылығыма шабыт беретін осындай үстеме жасайды деп күткен жоқпын. Марапат болатынын хабарлады. Бірақ нақты қандай болатынын айтпады", – деді әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі мұндай жетістікке композиторлар мен тыңдармандардың арқасында жеткенін айтып, оларға алғысын білдірді.

"Өнер табалдырығын 1978 жылы аттадым. Содан бері ел алдына шығып, орындап жүрген әндерім тыңдармандардың жүрегіне жетіп, көңілінің төрінен орын алған әндер деп айтсам қателеспейтін шығармын. Мен кеше осы марапатты алып тұрып, өзімнің ішкі ойым бірінші кезекте менің авторларым мен композиторларымда болды. Осы жылдарда елге сүйкімімді арттырған, мені танымал еткен, көрерменнің көңіліне көтерген ең тамаша, қанатты, сұлу әндерді ұсынған екен маған. Кеше өмірден өтіп кеткен композиторлар, бүгінде ортамызда жүргендер де бар. Бірінші кезекте соларға алғысымды айтамын. Екіншіден, менің тыңдармандарымның арқасы. Осы марапттар да, ел алдында осылай еркелеп жүруіміз де солардың ыстық ықыласы, қошеметі, махаббаты", – деді өнер өкілі. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді