«Мені өлтіріп жатыр!»: Көмек сұраған әйелді елемеген 112 диспетчерінің жазасы жеңілдетілді

Аиса Махамбет Редактор
25.10.2024, 15:35
616
«Мені өлтіріп жатыр!»: Көмек сұраған әйелді елемеген 112 диспетчерінің жазасы жеңілдетілді бейнежазбадан алынған кадр

Диспетчер Әділ Қалидолла 2 жылға сотталған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақтөбелік келіншектің қоңырауын жауапсыз қалдырған диспетчер 2 жылға сотталған еді. 

Алайда Ақтөбе облыстық соты төтенше жағдайлар қызметінің жедел диспетчері Әділ Қалидолланың жазасын жеңілдетті.

Аппелляциялық сот 21 қазанда диспетчердің қыркүйекте шығарылған үкімін қайта қарады. Нәтижесінде екі жыл бас бостандығынан айыру жазасы екі жылға бас бостандығынан шектеуге ауыстырылды.

Үкімді өзгерту туралы шешім қандай қабылданғанын облыстық сот нақтылаған жоқ.

Айта кетсек, 9 маусымда сағат 12:18-де құтқару қызметіне 55 жастағы Клара Сұлтанбаева қоңырау шалады. Әйел өзін әлдекім автокөлікте қауіпсіздік белбеуімен тұншықтырып жатқанын айтқан. Сол күні ол Toyota Camry автокөлігін сатуға шыққан. 

Әйел бұл ешқандай әзіл емес, шындық екенін жанұшыра жеткізген. Тіпті  "олар мені өлтіреді!" деп қатты айқайлаған. Бірақ қоңырауды қабылдаған құтқару қызметінің диспетчері Әділ Калидолла тек мекен-жайын нақтылаумен шектелген. Жағдайды анықтау үшін қайта қоңырау шалмаған. Көмек жібермеген. Салдарынан Клара Сұлтанбаева қаскөйлер қолынан қаза тапқан. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді