«Дубай емес, Қазақстан шоколады!» – Желіде жаңа тренд пайда болды

Аиса Махамбет Редактор
25.10.2024, 17:32
1674
«Дубай емес, Қазақстан шоколады!» – Желіде жаңа тренд пайда болды rakhat.kz

Отандық шоколад әлемдік трендке айналды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі жекпе-жек жаттықтырушысы Бекзат Жәлел әлеуметтік желіде жаңа тренд бастады. Бұл туралы Kazinform жазды.

Бейнероликте жаттығу аяқталған соң, Бекзат ынталандыру ретінде шәкірттеріне отандық өндірістің шоколадын таратады және «Дубай емес, өзіміздің Қазақстан шоколады» деп айтады.

Спортшының «Дубай емес, Қазақстан шоколады!» трендін басқа да блогерлер қолдап әкетті.

Б.Жәлел өз оқушыларымен жұмыс істеудегі ерекше тәсілдерімен бұрыннан танымал. Ол - шәкірттеріне тек физикалық дағдыларды емес, патриотизм мен отанды сүюді үйрететін нағыз тәлімгер.

Тренерлік жұмысы мен вирусқа айналған бейнероликтер жасаудан бөлек, Бекзат Жәлелдің спорт саласында да мол тәжірибесі бар. Ол кикбоксингтен жүлдегер, Таэквон-до ITF бойынша бірнеше мәрте чемпион және Джит Кун-До чемпионаттарын үш рет жеңіп алған спортшы.

«Дубай емес, Қазақстан шоколады» трендін танымал тележүргізушілер, блогерлер, актерлер және елдің басқа да азаматтары қолдап жатыр. Қазірдің өзінде #недубайскийА_Казахстанский #RepublicDay?? хэштегімен жүздеген бейнероликтер көруге болады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды