Алматы облысында бесінші қабатта өрт шығып, 67 жастағы әже аурухана жатқызылды
26 қазанда Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. Ал қалған 15 тұрғын өздігінен далаға шыққан.
Құтқарушылар өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол бермей, 70 шаршы метр алған жалынды сөндірді.
Еске салайық, бұған дейін депутат Ажар Сағындықова төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысын минус 5 балға бағалап, сынап тастады. Оның айтуынша, министрлік мүлдем жұмыс істемейтіндіктен өрт кезінде адамдар, құтқарушылар мерт болып жатыр. Сіздердің міндеттеріңіз – адамның өмірін қауіп-қатерден сақтау деді депутат."Өрт салдарынан 1957 жылы туған әйел адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", – делінген министрлік хабарламасында.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор