859

Ақтауда 52 жастағы науқас аурухана терезесінен секірмек болды (ВИДЕО)

Ақтауда Маңғыстау облыстық ауруханасында науқас өзіне қол салмақ болып, оны қызметкерлер құтқарып қалды.

Ақтауда 52 жастағы науқас аурухана терезесінен секірмек болды (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, видео желіде тарады.

Науқас төртінші қабаттың терезесінен секірмек болған. Алайда дәрігерлер дер кезінде жақын жерде болып, ер адамды матамен орап, аман алып қалды.

Облыстық полиция департаменті оқиға орнына полицейлердің жеткенін хабарлады. Қазір олар ер адамды палатасында күзетеді.

Науқас 52 жаста. Өз-өзіне қол салуға әйелімен жанжал себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор