Алтынға дейін бір қадам: Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатының финалына шықты

27.10.2024, 10:48
1044
Алтынға дейін бір қадам: Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатының финалына шықты olympic.kz

Ризабек енді финалда ирандық Махди Морафамен белдеседі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі жастар арасында еркін күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ризабек Айтмұқан финалға шықты.

Қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақта ширек финалда белоруссиялық Владислав Козловтан айласын асырды.

Ризабек жартылай финалда ресейлік Шамиль Гаджиалиевті 7:4 есебімен тізе бүктірді. 

Р.Айтмұқан 27 қазан күні финалда ирандық Махди Морафамен белдесетін болады. 

Ризабек барлық белдесудің де оңайға түспегенін айтып, ирандық балуанмен соңғы бәсекеге дайын екендігін, алтын үшін барын салатынын жеткізді. 

Р.Айтмұқанның өткен жылы ересектер арасында әлем чемпионы атанғаны белгілі. Сондай-ақ биыл 20 жасқа дейінгілер арасында да үздік шықты.

Тиранада жартылай финалда үндістандық Чираг Чирагқа 0:8 есебімен есе жіберген тағы бір қазақстандық Алан Оралбек (57 кг) қола жүлде үшін кілемге шығатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ризабек Айтмұқанның әлем чемпионатын сәтті бастағанын жазған болатынбыз

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды