«Көзді ашып-жұмғанша»: блогер Елдос Колобок көпті күттірген жаңалығын айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
27.10.2024, 16:14
1544
«Көзді ашып-жұмғанша»: блогер Елдос Колобок көпті күттірген жаңалығын айтты (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

8 жыл отасқан жұп ерекше тосынсый жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Елдос Колобок" атымен танылған блогер Елдос Қадырханов үйленгеніне сегіз жыл толуына орай жарына ерекше тосынсый жасаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Блогер Instagram-дағы жеке парақшасында тосынсый жасаған сәтінің видеосын жариялады. Видеода ол жары Таңшолпан Шотаеваны сегіз жыл бұрын алып қашып кеткенін айтады.

"Сөз салғанымда "жоқ" деп айтатын еді. Сол үшін алып қашып кеттім. Қазір енді кеш. Дегенмен бүгін біздің отауласқанымызға 2920 күн болған екен", - дейді блогер жұбайына сыйлығын ұсынып тұрып.

Ал видео астындағы жазбада:

"Біздің отбасымызға – 8 жыл. Уақыт деген аямай, зымырап өтіп жатыр. Көзді ашып-жұмғанша "Бүгін бізге 80 жыл болыпты" деп отырайық. Бақытты, ұзақ, мәнді, көңілді өмір сүрейікші. Отқа да, суға да қол ұстасып бірге. Жарқын болашаққа кеттік", - деп жазыпты.

Желі қолданушылары блогерлер отбасына жылы лебізін білдірген.

"Бақытты болыңдар!", "Сендердің махаббаттарыңа, әсіресе, Елдостың жұбайына деген кіршіксіз махаббаты мен сезіміне тәнті боламын", "Қандай әдемі, көз қуантады", "Балдай тәтті махаббаттарың мәңгілік болсын!", "Егізден, сегізден үбірлі-шүбірлі болыңдар!".

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады