«Жоқ-жетімге садақа қылмайсыңдар ма?»: барлық қонаққа алтын таратқан той иелері сынның астында қалды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
27.10.2024, 17:30
1510
«Жоқ-жетімге садақа қылмайсыңдар ма?»: барлық қонаққа алтын таратқан той иелері сынның астында қалды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Аста-төк той жасағандарды көпшілік «құтырғандар» деп атады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде той үстінде қонақтарға түгелдей алтын сырға мен жүзік таратқан видео тарады. Қазнет қолданушылары той иелерінің бұл әрекетін сынап тастады. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Желіде жарияланған видеода «алтын шашу той, тек алтын тарататын той жасайық» деп жазылған. Аталған видеоның астында желі қолданушылары жарыса пікір қалдыруда. Пікір қалдырғандардың көпшілігі той иелерінің бұл әрекетін сынға алып, бұл нағыз дарақылықтың белгісі екенін жазуда.

«Одан да жоқ-жетімге садақа қылмайсыңдар ма?», «Той, той деп жарысып өлетін болды ғой. Сол ақшаны балалардың біліміне, денсаулығына жаратса қандай керемет болар еді», «Не деген дарақылық, біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді деген осы екен ғой», «Мынау қандай той, құтырған той, біреулер тамақ таба алмай отыр» сынды пікірлер жарияланған.

Айта кетейік, желіде тараған видеоның нақты қайда және қашан түсірілгені белгісіз. Видео кадрларынан қонақтаржың бейджик асынып тұрғаны көрінеді. Сондықтан, бұл оқиғаның той-томалақ емес, іскерлік шара болуы да мүмкін.

 

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды