SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жасанды пальмаларды қалпына келтіретін материал жоқ дейді әкімдік.
Мәліметтерге сенсек, қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері 2019 жылы орнатылған жасанды пальмалар жаңа абаттандыру жобасына кірмейтінін айтқан.
Жасанды ағаштар бұрын қыста ауа райының бұзылуынан қорғау үшін тормен қорғалған. Бірақ уақыт өте келе бұтақтары сынған немесе желмен ұшып кеткен көрінеді.
Бүгінде жағалауға сән берген жасанды пальма ағаштарын қалыпқа келтіретін материалдар жоқ екен. Ал жергілікті билік оларды қайта құру жоспарынан алып тастау туралы шешім қабылдаған.