3676

«Мұрны сынып, құлағынан қан аққан»: Теміртаулық жігітті алты адам 3000 теңге үшін жабылып ұрған

Жәбірленушінің үстіне секіріп, оны әбден қинаған.

«Мұрны сынып, құлағынан қан аққан»: Теміртаулық жігітті алты адам 3000 теңге үшін жабылып ұрған
instagram.com/temirtau.times

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Теміртау қаласында алты адам жабылып жас жігітті соққыға жыққан. Салдарынан жәбірленушінің мұрны сынып, миы шайқалған. Бұл туралы жәбірленушінің әпкесі әлеуметтік желіде жариялады.

«Кеше сағат 21:30-да інімді алты адам аяусыз соққыға жықты. Белгісіз адамдар оның үстіне секіріп, алтауы бірге бір адамды ұрды. Мұрнын сындырып, құлағынан қан аққан, бас миы шайқалып, саусағы мен тісі сынған. Олардың мақсаты — інімді тонау болды. Небәрі 3 мың теңге үшін осындай қатігездік жасады. Осы жағдаймен бөліскім келді, балаларыңызға қараңыздар», — деді жәбірленушінің әпкесі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полицейлер күдіктілерді анықтап жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Толығырақ ақпарат қосымша беріледі», - делірнген хабарламада.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор