«3 жыл»: Петропавлдық бизнесменді әйелімен қоса бауыздап, олардың жасөспірім ұлын аулаға көміп кеткен үш қаскөй сотталды

Аиса Махамбет Редактор
29.10.2024, 13:58
696
«3 жыл»: Петропавлдық бизнесменді әйелімен қоса бауыздап, олардың жасөспірім ұлын аулаға көміп кеткен үш қаскөй сотталды iStock

Жан түршігерлік қылмысқа барған сотталушының екеуі ерлі-зайыпты, ал үшінші адам – отбасыны құртуға тапсырыс берген әйел боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сотталушылар бүтін бір отбасыны өлтіріп, олардың бағалы дүниелерін тонап кеткен. Бұл туралы КТК арнасы мәлімдеді.

Петропавлда кәсіпкерді жанұясымен өлтіріп кеткен үш адамға қатысты сот үкімі оқылды. Жерлеу рәсімі бизнесімен айналысатын отбасын бәсекелестері былтыр желтоқсан айында бауыздап кеткен. Ал оның кәмелетке толмаған ұлының денесі өз ауласынан табылған. Қанды қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған үш адамның екеуі ерлі-зайыптылар. Олар да бұған дейін жерлеу қызметін көрсетіп келген. 

Жұртты шошытқан қанды оқиға Петропавл маңындағы жеке секторда болған. Байланысқа шықпай қалған Вадим мен Юлияның денесін туыстары өз үйінен тапқан. Ал 17 жастағы ұлы мектепте жоғалып кеткен. Оның да жансыз денесі өз ауласынан табылды. Көп ұзамай күдіктілер де ұсталды. Сергей Емельянов пен 25 жастағы Данил Орлов адам өлтіру және тонау бабымен сотталып жатыр. Олар марқұмдардың үйінен 100 мың теңге мен құны 2 млн теңге болатын бағалы заттарды қолды қылған. 

Сондай-ақ бүтіндей отбасы мүшелерінің өліміне жерлеу рәсімімен айналысатын 42 жастағы Ирина Скорбогатованың қатысы бар деген болжам айтылған. Өйткені ол күдіктінің бірімен жақын байланыста болып, тіпті бір үйде бірге тұрып жүрген. Осылайша сот оның сыбайласын өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ал оның серіктесіне сот 21 жыл 8 ай жаза кесті. Ал бақталасын өлтіруге тапсырыс берді деп айыпталған - Скоробогатова үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот тергеу кезінде оның кінәсі дәлелденбегенін айтады.

«Бастапқыда сотқа дейінгі тергеу органы мен мемлекеттік айыптаушылар Скоробогатоваға қылмыстық топпен алдын ала сөз байласу арқылы екі адамды өлтіруге итермеледі деген айып таққан. Алайда сотқа бұл күдікті растайтын жеткілікті дәлелдемелер ұсынылмады. Осылайша сот оған аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін ҚР ҚК 434-бабы бойынша жаза кесті», - деді судья Айдарбек Бекқожинов.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады