Есірткіден түрме есігіне дейін: Қанша адам жазасын өтеп жатыр?

29.10.2024, 15:33
1229
Есірткіден түрме есігіне дейін: Қанша адам жазасын өтеп жатыр? iStock

Бүгінде елімізде есірткі қылмысын жасағаны үшін 4 293 адам жазасын өтеп жатыр екен. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

«Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде есірткінің заңсыз айналымы үшін 4293 адам сотталған, оның ішінде 687 есірткі сатушы, олардың 366-сы 18 бен 30 жас аралығындағы адамдар және тек 6-ы кәмелетке толмағандар. Бұл ретте Ішкі істер органдары «жасырып кетушілерді» ұстаумен ғана шектелмейді. Тергеу барысында оқыту, есірткімен және өткізу үшін қажетті техникалық құралдармен жарақтандыру мән-жайлары мен адамдар тобы анықталады.

Сондай-ақ Үкімет басшысы қиын жағдайда өмір сүріп жатқан жасөспірімдерді есірткіге қатысты түрлі қылмыстардан сақтандыру үшін билік қандай жұмыстарға кіріскенін айтты.

Сонымен бірге мүдделі мемлекеттік органдар жастардың, әсіресе, отбасылық, әлеуметтік жағдайы қолайсыз және өмірде қиын жағдайда жүрген балалар мен жасөспірімдердің есірткі қылмысы ортасына түсуінің алдын алу мақсатында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Осы мақсаттар үшін білім беру мекемелерінің жұмыскерлерін, сондай-ақ мектеп психологтарын даярлау процесін жолға қоюға ықпал ететін профилактикалық көп сатылы модель құрылды», - деді Премьер-Министр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды