Ақтөбелік студенттер мектеп оқушыларын аяусыз ұрып, бірнеше рет жерінен пышақтап кеткен

29.10.2024, 16:28
1228
Ақтөбелік студенттер мектеп оқушыларын аяусыз ұрып, бірнеше рет жерінен пышақтап кеткен көрнекі фотосурет / bezekb

Мектептің футбол алаңына студенттер келіп, жаппай төбелес ұйымдастырған. Ата-аналар олардың бостандықта тайраңдап жүргеніне ашуланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 қазан күні Ақтөбеде мектеп аймағында бір топ колледж студенті 11-сынып оқушыларына шабуыл жасап, оларды соққыға жыққан. Зардап шеккен оқушылардың ата-аналары кінәлілердің лайықты жазасын алуын талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Диапазон порталының дерегінше, Жастар арасындағы төбелес №23 мектептің балалар фотбол ойнайтын спорт алаңында болған. Бір топ колледж студенті мектеп оқушыларын ұрып-соғып, екеуін пышақтап кеткен. Оқиғаның қалай болғанын зардап шеккен оқушылар ата-аналарына айтып берген.

“Біздің балалар мектеп алаңында футбол ойнап жүрген. Мектептің жанынан екі топ колледж студенттері өтіпті. Олардың бір тобы, шамаман 15 адам, балаларымыздың жанына келген. Төбелесті солар бастаған. Әр оқушыға 4-5 адамнан жабылған. Олардың колледж студенттері екенін кейін білдік. Менің балама бесеуі жабылған. Соққыдан әлсіреп жерге ққұлағанда үш жерінен пышақ сұққан. Сәл болғанда пышақ бүйрекке тиер еді. Досымның ұлына да пышақ сұққан. Тағы бір баланы да оңдырмапты. Оның миы шайқалған, омыртқасына зақым келген. Ол баланың басына секірген көрінеді. Ұлымның айтуынша, студенттердің бірі оның құлағын кесемін деп қорқытқан. Ол басын бұғып, орнынан тұрғанда жабылғандар қашып кеткен”, – дейді Шынар есімді ата-ана. 

Айтуынша, қаскөйлер қашып кеткен соң балалар жақын маңдағы дүкенге бас сауғалаған. Кейін жедел жәрдем, полиция келген. Соққыға жығылған оқушылардың үшеуі ауруханаға түсті. Жарақаттары ауыр болған. 

“Жапа шеккен басқа балалар да бар. Бірақ олар арыз жазудан бас тартты. Төбелес болған жерде бейнекамера тұр. Видеодан шабуыл жасаған 7 адамды көруге болады. Бірақ қаскөйлердің саны 15 еді. Арада 19 күн өткеннен кейін де ешкім ұсталмады да, анықталмады да. Тергеудің ұзақ уақытқа созылып жатқанына ашулымыз. Бейнежазбаға түсіп қалған жеті адамның екеуі ғана бұзақылық жасады деп айыпталған, қалғандары бостандықта жүр”, – дейді ашынған ата-ана.

21 қазан күні зардап шеккен үш оқушының ата-анасы тергеудің әділ өтуін талап етіп, облыстық прокуратураға барған. Олар Ақтөбе полициясының басшылығымен кездесіп, шағымдарын жеткізді.

“Тергеу әділ өтуі үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз. Төбелеске қатысушылардың барлығы сол түні анықталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Әркімнің не істегені анықталып жатыр. Олардың барлығы кәмелетке толмағандықтан жағдай қиын болып тұр. Арасында Шалқар және басқа да аудандардың тұрғындары бар. Олардан тек заңды өкілдердің қатысуымен ғана жауап алынуы мүмкін. Уақыт керек”, – деп мәлімдеді полиция.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды