5426

Бір ауылдағы екі жасөспірім бірінен соң бірі өзіне қол салып, қайтыс болды

Екі күн қатарынан Түймекент ауылының екі баласы өз өмірімен қош айтысты…

Бір ауылдағы екі жасөспірім бірінен соң бірі өзіне қол салып, қайтыс болды
elements.envato.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыстық прокуратура жасөспірімдердің өзіне салып қайтыс болғаны туралы желіде тараған ақпаратты растады.

Қайғылы оқиға Байзақ ауданының Түймекент ауылында екі күн қатарынан болды.

Байзақ аудандық полиция бөлімі қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды", – делінген Жамбыл облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда екі оқушы қыз тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды. Кейін оқушы қыздардың жақындары оларды бұған не итермелегенін айтқан еді. Сонымен қатар олар мектептерде телефонға тыйым салуды ұсынды. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор