«Тарих жазуды тоқтатпаймын!»: Бір жылда қатарынан үш рет әлем чемпионы атанған Ризабек халыққа алғыс айтты

29.10.2024, 17:33
1155
«Тарих жазуды тоқтатпаймын!»: Бір жылда қатарынан үш рет әлем чемпионы атанған Ризабек халыққа алғыс айтты United World Wrestling

Небәрі 20 жастағы Ризабек Айтмұхан биыл қатарынан үш дүркін чемпион атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ұш түрлі әлем чемпионатын ұтқан балуанымыз Ризабек Айтмұхан жанкүйерлерге үндеуін жеткізді.

Еркін күрестен 97 кг салмақта өнер көрсетіп жүрген Ризабек Айтмұхан жастар арасында ұйымдастырылған жарыста үшінші мәрте әлем чемпионы атанды. Ол соңғы жеңісінен соң көпшілікке алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Ризабек алда Олимпиада ойындарына да қатысуы мүмкін.

Тарих жазуды тоқтатпаймыз. Бұл жеңіс менің ғана жеңісім емес, бүкіл қазақ елінің жеңісі! Халқым мен отбасымның қолдауының және адал еңбектің арқасында бүгін үш дүркін әлем чемпионы атану бұйырды, Аллаға шүкір!

Алдағы уақытта бірнеше жарыстарда еліміздің туын асқақтатып, олимпиаданы бағындыруға күш салатын боламын. Сіздерді әрі қарай чемпиондарымызды жеңісте ғана емес, жеңілісте де қолдап, шын жанкүйер болуға шақырамын! – деп жазды Айтмұхан. 

Ризабек Айтмұхан биыл Сербияда, Испанияда және Албанияда ұйымдастырылған үш түрлі әлем чемпионатынан тек алтынды қанжығалап оралды. Осылайша Ризабек небәрі 20 жасында үш дүркін әлем чемпионы атанған балуан ретінде халықтың сүйіктісіне айналды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады