JUZ40 Оқушысынан актерге дейін: Асхаттың жұлдызды жолы

30.10.2024, 17:33
1348
JUZ40 Оқушысынан актерге дейін: Асхаттың жұлдызды жолы instagram.com/azataskhat

Азат Асхат небәрі 18 жасында-ақ, түрлі салаларда өз орнын тауып, JUZ40 онлайн білім беру курсының алдымен оқушысы, кейін бет-бейнесі болып актерге дейін өскен ерекше тұлға.

2023 жылы жарыққа шыққан мелодрама, фантастика жанрындағы «Бәрі өз қолыңда» , 2024 жылы жарық көрген комедия жанрындағы «НВП ағай» қазақстандық фильмдерде рөлін алып шыққан жас жұлдыз. Бүгінде ол бренд-маркетер және актер ретінде танымал бола отырып, JUZ40 компаниясының талабы жоғары ортада өзін дәлелдеген жастың үлгісі болып отыр.

Алматы – талай жастың армандарын жүзеге асыратын қала. Асхат осы мүмкіндіктер қаласында өз жолын табуды қалаған. Жан-жақты дамуға ұмтылған жас жігіт үшін маңыздысы – жаңа дүниелерді зерттеу, өзін жаңа рөлдерде сынау және әрқашан өзгерістерге дайын болу. Отбасында жалғыз ұл болуына байланысты ата-анасының қалауымен ақпараттық қауіпсіздік саласында білім алуды таңдаса да, жүрегі мен болашағы шығармашылыққа, өнер мен актерлікке жақын.

Photo: instagram.com/azataskhat

Бүгінде Асхат TikTok платформасында қарапайым қызығушылықпен басталған жолының JUZ40 компаниясында контентмейкер және актер ретінде кеңейе түскеніне қуанады. Оның өнер жолындағы алғашқы қадамдары осылайша жасөспірім кездегі қарапайым бастамадан бүгінгі кәсіби аренаға ауысты.

Контентмейкер ретінде жұмыс істеп бастаған кезіңізді еске түсірсеңіз, бұл жолға қалай келдіңіз?

– Бұл жолға келуіме 11-сыныпта түсірген TikTok желісіндегі қызығушылығым әсер етті деп айта аламын. Сол кезде менде шамамен 2-3 мың оқырман болатын. JUZ40-тағы кураторыммен жақсы қарым-қатынаста едім. Ол JUZ40-қа тиктокер іздеп жүрген кезде, «осы баланы көрейік» деп мені ұсынды. Қызығы, басқа 100 мыңға жуық оқырманы бар тиктокерлер болса да мені таңдап алғаны. 1 ай тиктокер ретінде жұмыс істедім, ал оқуға түскен соң JUZ40 мені брендтің бет-бейнесі ретінде көре бастады. Осылайша, 1 жыл бойы контентмейкер болып жұмыс істедім.

Photo: instagram.com/azataskhat

Киноға түсу туралы шешім қабылдауыңызға не түрткі болды?

– Өмірде бір нәрсені ұзақ қайталай беру мені жалықтырады. Мысалы, күнде бір қоғамдық көлікке мінсең, уақыт өте келе қызықсыз болып кетеді. Дәл сол секілді, әрдайым бір істі қайталап жасағанды ұнатпаймын. Ал киноға түсуде жаңа рөлдер мен түрлі кейіпкерлерді сомдау өте қызық.

Маркетинг пен актерлік мансапты, оқуды қатар алып жүру қиын емес пе? Уақытты қалай үйлестіресіз?

– Менің ойымша, барлығы уақытты дұрыс ұйымдастыру мен жоспарлауға байланысты. Қатаң дисциплина болса, бәрін де үйлестіре алуға болады. Актер ретінде түсірілімдеркүн сайын бола бермейді, көбіне жаз айларында, сабақ жоқ уақытта өтеді. Қажет кезде JUZ40-тан рұқсат алып, түсірілімге уақыт бөлуге мүмкіндік бар. Бұл ретте компанияма әрдайым жаңа сферада дамуымды қолдап, түсіністік танытатынына алғыс білдіргім келеді.

Кино саласында қандай жанрлар немесе рөлдер қызықтырады?

– Маған жанр аса маңызды емес. Хоррор, боевик, комедия болсын, бастысы рөлдің менің актерлік қабілетімді ашатындай болуы. Мықты актер кез келген рөлді алып шыға алады деп ойлаймын. Одан бөлек мен үшін кез келген іс алып жүрсең, ол адамдарды мойындата алатындай болуы тиіс. Мысалы мен маркетолог курсын аяқтасам өзімді іске кіріспей жатып «маркетологпын» деп санамаймын. Іспен дәлелдеймін, көпшіліктің мойындауын аламын содан кейін ғана маманмын деп айта аламын.

Өзіңізді «JUZ40 – мүмкіндіктер әлемі» деген сөздің дәлелі деп айта аласыз ба?

– Әрине, сөзсіз. Мектеп бітірген, тәжірибесіз студент болсам да, алғашқы видеоларды түсіруде мыңдаған рет қайталауға тура келсе де, JUZ40 менің потенциалымды көре алды. Алғашында қазақ тіліне шорқақтық, текст жаттауда мәселелер болатын. Уақыт өте жеңіп, жаңа биіктерге жеттім. JUZ40 кез келген жасқа мүмкіндіктер сыйлайды және мен осы жолда өзімді дәлелдеп келемін.

Асхаттың өнерге деген қызығушылығы және жан-жақты дамуға деген ұмтылысы бүгінгі жастарға үлгі боларлықтай. Өмірде табандылық, жаңа дүниелерге ашықтық пен еңбекқорлық танытқан адам ғана биікке жетеді деген қағиданы ұстанған Асхат, өз талпынысы арқылы қазақ жастарының мүмкіндіктерін паш етуде. Оның TikTok-тағы қарапайым қызығушылығы кәсіби сахнада өз орнын тапқан контентмейкерге, актерге және бренд-маркетерге айналуына себеп болды. Асхаттың сөзінше, жан-жақты болу мен үнемі ізденісте жүру – оның өмірлік принциптерінің бірі. Өнер жолында, әсіресе актерлікте, әртүрлі рөлдерді сомдау арқылы өзін сынап, жаңа кейіпкерлермен жұмыс жасау оған үлкен шабыт сыйлайды.

Жастар үшін Асхаттың жолы – жаңа мүмкіндіктерге толы. JUZ40 компаниясының бет-бейнесі болуының, өзінің қайтпас мінезінің, амбициоздығының арқасында жетістікке жетіп, өз армандарын жүзеге асыруда. Кино мен маркетингте өз орнын табу арқылы Асхат жастарға шабыт беріп қана қоймай, жан-жақтылықтың маңызын көрсетіп келеді.

JUZ40 компаниясы – көптеген жастардың потенциалын ашатын орталық және Асхат – сол мүмкіндіктердің шынайы көрінісі.

Автор: Әмина Әзербай

ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді Блогер Дархан Жолшыбеков 300 миллион теңгеге алған зәулім үйін оқырманына тегін сыйға бермек (ВИДЕО) Асырап алған қызын 10 жасынан бері зорлап келген орманшы өзін атып өлтірді «Мен кіммін сонша?!»: Димаш Құдайберген жанкүйеріне құрметі үшін автограф беруден бас тартты Париж олимпиадасында жүлдесіз қалған балуан Әлімхан Сыздықов әлем чемпионы атанды «Жұмада жамбасы жерге тиді…»: Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден өтті «Қызы емес, әйелі сияқты қарағанын байқадым»: оқушысын өгей әкесі зорлап жүргенін сынып жетекші қалай біліп қойған? Бүгін Мұстафа Өзтүрік тірі болса, 70 жасқа толар еді… Демалыс күндері ауа райы қандай болады? «Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ