«Машинамды өзі қайта-қайта сұрады»: жас жігіт Бейбіт Әлібековтің Lamborghini астында мерт болды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
31.10.2024, 09:35
10019
«Машинамды өзі қайта-қайта сұрады»: жас жігіт Бейбіт Әлібековтің Lamborghini астында мерт болды (ВИДЕО) әлеуметтік желіден

Танымал блогердің көлігі жоғары жылдамдықта жүріп келе жатып, адам шошырлық өлімге себепші болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде танымал блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен жасалған қауіпті трюктің арты адам өлімімен аяқталды.

Оқиға 29 қазан күні Алматы-Астана тас жолындағы Сокол автодромында болған. Автодромда арнайы трюк жасалуы қажет еді. Батырхан есімді жігіт жүріп келе жатқан Lamborghini көлігінің үстінен секіруі керек болған. Қорқынышты трюк барысында 45 жастағы Анатолий Подлипалин жігітті қағып кеткен. Көліктің танымал блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі екені анықталды. 

Оқиғадан кейін Батырхан Іле ауданындағы орталық ауруханаға жеткізіліп, оған ауыр бас-ми жарақаты, самай сүйегінің сынуы және үшінші дәрежелі кома диагнозы қойылған.

- Нәтижесінде жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды, онда 30 қазан күні есін жимастан жан тапсырды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Блогер Бейбіт Әлібеков көлігіне қатысты оқиғаны түсіндірді.

- Батырхан Ержан есімді жігіт менен көлікті қайта-қайта сұрады. Трюк жасап, видеоға түсіргісі келетінін айтқан. Бірнеше рет сұрағаннан кейін көлігімді бергенмін. Қайғылы оқиға трюк жасау кезінде болған. Артынша ол ауруханада көз жұмды. Көлігімді бермеуім керек еді. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, – деді Әлібеков.

Бұған дейін мұндай қауіпті трюкті америкалық блогер IShowSpeed бастап, артынша оның бұл трюгі желіде қатты танымал болған еді. Марқұм америкалық блогердің хайпқа айналған бейнежазбасын қайталағысы келген болуы мүмкін.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты