«Бүкіл қаның ағып кетеді»: Шавкат Рахмонов өліп қаламын деп ойлаған сәтті айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
31.10.2024, 14:57
864
«Бүкіл қаның ағып кетеді»: Шавкат Рахмонов өліп қаламын деп ойлаған сәтті айтып берді жеке мұрағатынан

UFC-де еліміздің атын танытып жүрген спортшы жеке өмірі туралы айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC промоушенінде жұдырықтасатын қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов бала кезіндегі қорқынышы туралы айтты.

"Бала кезімде түнде далаға шығуға қорқатынмын. Далада жалғыз қалып қалсам жылайтын едім. Дегенмен есейе келе ол қорқыныш сейілді. Қазір жалғыз тауға да шыға аламын. 

Бұдан бөлек кішкентай кезімде бір жерімді кесіп алсам, "өліп қаламын" деп ойлап, қорқатынмын. Өйткені ағаларым "қазір бүкіл қаның ағып кетеді деп шошытатын еді", - деп еске алды Рахмонов Youtube-тегі Naiza TV арнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда UFC чемпионы атағына таласу үшін жекпе-жек өткізеді. Ол АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мухаммадпен күш сынасады.

Рахмонов соңғы кездесуін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Қазақстандық файтер MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

Ал Белал Мұхаммад биыл шілдеде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен ұтып, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды. Оның MMA-дағы рекорды – 24-3.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды