3544

Айгүл Иманбаева жүктілікке қатысты жаңалығын бөлісті

47 жасында тұрмыс құрған актриса Айгүл Иманбаева оқырмандарымен сырласып, сұрақтарына жауап берді.

Айгүл Иманбаева жүктілікке қатысты жаңалығын бөлісті
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сенаттың жалпы отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Telegram»-ның Қазақстанға жауапты кеңсесі қай қалада ашылатынын айтты.

«Біз Аstana халықаралық қаржы орталығының базасында «Telegram»-ның кеңсесін ашып жатырмыз. Контентті модерациялауға жауапты нақты адам анықталады. Егер зорлық-зомбылыққа шақыру немесе есірткінің заңсыз айналымымен байланысты заң бұзу фактілері тіркелсе, Telegram біздің өтініштерімізді жылдам қарап, арналарды бұғаттап, жоюға көмектеседі», - деді министр.

Бұған дейін Telegram Қазақстандағы өкілін тағайындап, кеңсесін ашатыны хабарланған.

Бірақ ол кеңсенің қай қалада болатыны нақты айтылмаған еді.

«Біз сондай-ақ Telegram платформасымен заңсыз контентті жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау бойынша белсенді түрде ынтымақтастық орнатып жатырмыз. Біздің заңнамаға сәйкес, енді Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалар Қазақстанда өз өкілін тағайындауға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді — бұл контентті бақылауды арттыруға бағытталған маңызды қадам», — деген Жаслан Мадиев.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор