Пәкістан президенті Дубайда ұшақтан түсіп жатып, аяғын сындырып алды

Аиса Махамбет Редактор
01.11.2024, 13:31
1291
Пәкістан президенті Дубайда ұшақтан түсіп жатып, аяғын сындырып алды report.az

4 апта бойы гипспен жүруге мәжбүр болған президент еңбек демалысына шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Пәкістан президенті Асиф Али Зардари Дубай халықаралық әуежайында оқыс оқиғаға тап болды. Мемлекет басшысы ұшақтан түсіп келе жатып, аяғын сындырып алды.

Президенттің аяғын сындырып алғаны белгілі болды. Әмірлік дәрігерлері жарақаттанған жеріне гипс салып, бір айға тынығуды ұсынды. 4 апта бойы гипспен жүруге мәжбүр болған Зардари еңбек демалысына шықты.

Соңғы жылдары 69 жастағы Зардари денсаулығына байланысты түрлі қиындықтарды бастан өткеріп келеді. Былтыр БАӘ-де көзіне операция жасалған болатын.

Одан бір жыл бұрын оны Карачидегі ауруханаға кеуде қуыс инфекциясын емдеу үшін жатқызған еді.

Бұған дейін ол «қысым мен физикалық жүктеменің ауырлығына» байланысты ауруханаға түскен. Президенттің айналасындағы адамдар оның денсаулығының нашарлағаны туралы қауесеттерді жоққа шығарады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды