Түрмедегілер халықты 2 миллиард теңгеге алдап келген

Аиса Махамбет Редактор
01.11.2024, 14:40
1261
Түрмедегілер халықты 2 миллиард теңгеге алдап келген tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түрмеде отырған алаяқтар халықты алдап, бір жылда екі миллиард теңге пайда тапқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, абақтыдағы Call-орталықтарында отырғандары сайттардағы хабарландырудан тапқан люкс машиналардың иеcімен келіссөз жүргізсе, қалған шаруаны бостандықтағы көмекшілері реттеген.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі  мен прокуратура бірлесіп арнайы операция ұйымдастырды. Тінту кезінде ақша, банк карталары, діни әдебиетпен қоса, есеп-қисап жүргізген журналдарына дейін табылған. 

Түрмедегі алаяқтар бір жылда екі миллиард теңгені қалтасына басқан. Қылмыстық топ сақтық шараларын мейлінше қолға алған. Құжаттарынан қате таппайтындай, мінсіз логистикалық компания ашады, арнайы мобилограф жалдап сайттың жарнамасын сайлап қояды.

Тек содан кейін ғана халыққа көлікті тиімді бағамен "кез келген қаладан тасымалдап береміз" деп уәдені үйіп-төгеді. Құрығына тек қымбат машина иелерін түсіруге тырысқан. Сөйтіп "басқа қалаға жөнелттім" деген көлігі, не тілдескен адамы ақшамен қоса жоқ болып кеткен.

Ұрланған көліктерді бірден вин-коды өзгертіліп, шетелге сатып жіберіліп отырған. Қылмыстық топ еліміздің бірден тоғыз өңірінде айласын іске асырып отырыпты. Ал бәрін басқарып отырғандар Алматы облысындағы түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталушылар екен. Олардың шоттарына күн сайын қомақты сома түсіп отырған.

Құқық қорғау органдары қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Елуден астам қылмыскер түскен ақшаны құмар ойындарына салған. Абақтыдағы камераларды тексеру кезінде топ басшыларынан діни кітаптар мен мыңдаған банк картасы табылған. Ұсталғандардың басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды