Өз қызын зорлаған павлодарлық еркек тергеу кезінде өз көзін шегемен ойып алған

Аиса Махамбет Редактор
01.11.2024, 19:11
3698
Өз қызын зорлаған павлодарлық еркек тергеу кезінде өз көзін шегемен ойып алған unicef.org

53 жастағы еркек өз туған қызын 3 жыл бойы зорлап келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған ер адам тергеу изоляторында отырып, өзінің бір көзін ойып алды.

1971 жылы туған ер адам кәмелетке толмаған қызын бірнеше рет зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы мамырға дейін қызына зорлық көрсеткен. 

Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерге қатысты үкім шығарды.

Сот ер адамды 120-бап, 3-бөлік, 3-2-тармақ "Кәмелетке толмаған баланы ата-анасының зорлауы" және 121-бап, 3-бөлік, 3-2-тармақ "Кәмелетке толмаған балаға қатысты ата-анасының жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша кінәлі деп тауып, 20 жылға соттады.

Сондай-ақ, сотта тергеу изоляторында отырған кезде сотталушы көзінен айырылғаны белгілі болды.

Сотталушының сол көзі көрмейді, тергеу изоляторында ол оң көзін шегемен ойып алып, өзін-өзі жаралады, - деді судья Нұрлан Айтбаев.

Қазір сот айыпталушыны арнайы медициналық комиссияға жіберу мәселесін қарап жатыр. Комиссия оның денсаулық жағдайын тексеріп, жазасын одан әрі өтеу немесе мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдайды. Іс материалдарында Алматы қаласында жүргізілген психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бар. Сарапшылар сотталушының жағдайына “өз іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсініп, басқара алады” деген баға берді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады