«Әр балаға 70 мың теңгеден берілсін» деп талап қойған депутаттың ұсынысына министр жауап қайтарды

Аиса Махамбет Редактор
02.11.2024, 12:10
1240
«Әр балаға 70 мың теңгеден берілсін» деп талап қойған депутаттың ұсынысына министр жауап қайтарды Massaget.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова депутат Гауһар Танашеваның әрбір балаға жәрдемақы ретінде 70 мың теңгеден төлеу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Светлана Жақыпова министрліктің белгілі бір көлемде бюджет қаражатын қажет ететін өзгерістер пакетін әзірлеп жатқанын мәлімдеді. 

"Бірақ қазір бизнес-процестерді цифрландыру және мемлекеттік қажетсіз немесе қайталанатын функцияларды оңтайландыру арқылы бизнес-процестерді өзгертіп жатырмыз. Тиісінше, біз бұл бюджетті оңтайландыруымыз керек, содан кейін ғана балаларды табыспен қамтамасыз ету мәселесіне келуіміз қажет. Бұл шешім қазір қабылданса, салық төлеушілерге үлкен жүк болатынын айта кету керек", – деді министр.

Светлана Жақыпованың айтуынша, бүгінде әлеуметтік қажеттіліктерге арналған бюджет 6 триллион теңгеге жуықтайды, бұл республикалық бюджеттің 38%.

"Егер шартсыз қосымша төлемдер енгізілсе, кем дегенде тағы 3 триллион теңге қажет болады, бұл салықты көтеру керек дегенді білдіреді", – деді министр. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық сарапшылардың әлеуметтік жағдайға қарамай, барлық балаға жәрдемақы тағайындауды ұсынғаны туралы жазған едік. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады