1582

Пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты: апаттан 3 адам ес жимастан қаза болды

Абырой болғанда пойыздың цистерналары бос болған. Апаттың салдарынан 25 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы қаза болды.

Пойыз бен жеңіл көлік соқтығысты: апаттан 3 адам ес жимастан қаза болды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Оқиға туралы КТК телеарнасы жеткізді. 

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің 25 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған, екі жолаушы ауруханада көз жұмды.

Степногор-Зоводской жолындағы темір жол өткелінде Audi автокөлігі бос цистерналармен келе жатқан локомотивке соғылған. Қаза тапқан үш адамнан бөлек, тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен Степногор қаласындағы ауруханаға жеткізіліпті. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

“Оқиға орнында автокөлік жүргізушісі қайтыс болды, екі жолаушы ауруханада көз жұмды, тағы үш жолаушы түрлі жарақатпен Степногорск ауруханасына жеткізілді. Тергеу шеңберінде апаттың мән-жайы мен себептері белгіленіп, тергеу жүргізіліп жатыр”, – дейді Ақмола облыстық полиция департаменті ақпарат-саясат бөлімінің жетекші маманы Анар Нүкенова. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысындағы кен-байыту комбинатында жүк көлігі аударылып, екі жұмысшы қаза тапқаны туралы жазған едік. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор