Зейнетке шықса да, әлі жұмыс істеп жүрген еңбекқор қариялардың зейнетақысы тоқтатылуы мүмкін

02.11.2024, 17:31
1593
Зейнетке шықса да, әлі жұмыс істеп жүрген еңбекқор қариялардың зейнетақысы тоқтатылуы мүмкін коллаж smartnews.kz

«Пенсияға қанағат етпеген» қариялардың зейнетақысын үкімет өзі «үнемдеуі» мүмкін. Бұл туралы министр Светлана Жақыпова айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, зейнет жасына шыққанмен, әлі де жұмысын жалғастырып жүрген жұмыскер қарттар зейнетақысынан айырыла ма? 1 қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде аталған ұсынысқа қатысты түсініктеме берді.

Осы орайда, министр ханым жұмысын тастағысы келмейтін қариялар көп екенін айтты.

«Олар жұмысынан кеткісі келмейді, өйткені сол өздеріне ыңғайлы, жиған-терген білімі, тәжірибесі сұранысқа ие, сондықтан олар жұмысында қала береді. Мұндай жағдайда бюджеттен төленетін төлемдерді олар зейнетке шындап шыққанға дейін доғара тұру ұсынылады», – дейді министр Светлана Жақыпова.

Министр еңбекқор қарттардың зейнетақысын тоқтатып, оны 55 жасында зейнетке шыққысы келетіндерге берілуі мүмкін екенін айтты.

«Бұл тек талқылау сатысындағы дүние. Өткен аптада біз сарапшылармен кездестік. Кейбірі сондай ұсыныс тастағаны рас. Қысқасы, бұл әзірге талқылау сатысындағы нәрсе. Әкімдер де, министрлер де мемлекеттік қызметшілер, олар, мәселен келісімшарт бойынша бір жылға қалуы мүмкін, келісімшарт бір жылға ұзартылуы мүмкін, содан соң олар зейнетке шығуы керек. Мысалы, менен зейнет жасына жеткен соң жұмыс істейсіз бе деп сұрайды. Мен жұмыс істейтінімді айттым. Менің ғылыммен айналысуға немесе сабақ беруге мүмкіндігім бар. Тиісінше, мен осы салаларда жұмыс істей аламын, егер солай жасасам, онда мен зейнетақысыз, тек жалақыға өмір сүретін боламын», – дейді министр.

Дегенмен, министр аталған шешімді қабылдау не қабылдамау жайы қоғамның өз еншісінде екенін айтты. Егер көпшілік мұндай норманы қолдаса, онда артылған зейнетақы үнемделіп, қажет жандарға бағытталуы мүмкін.

«Егер барлық азамат: "О, бұл жақсы ғой. Маған зейнетақының керегі жоқ, әрі қарай жұмыс істей бергім келеді" деп жатса, жақсы ғой. Ал кім ертерек зейнетке шыққысы келеді? Бұл мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар, көп балалы аналар, қауіпті және қиын еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер. Олардың бірнеше санаттары бар. Сондықтан мұндай таңдау құқығын қоғамға беру керек және оны қоғам өзі талқылауы тиіс», - деді Светлана Жақыпова.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)