Түркістанда заңды құлатып, «Шариғатты» енгізбек болған Хизб-ут-Тахрир экстремистік ұйымы ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
04.11.2024, 17:40
992
Түркістанда заңды құлатып, «Шариғатты» енгізбек болған Хизб-ут-Тахрир экстремистік ұйымы ұсталды бейнежазбадан алынған кадр

Ішкі істер министрлігі Кентау қаласында "Хизб-ут-Тахрир" діни-экстремистік ұйымының жасырылған тобын анықтады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Хизб-ут-Тахрир ұйымының идеологиясы елде зайырлы конституциялық құрылымды құлатып, "шариғат" нормаларын енгізуге бағытталған. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында топ мүшелерінің терроризм идеяларын насихаттау, сондай-ақ діни көзқарасты қорлау фактілері анықталды. 

Топ мүшелері "Хизб-ут-Тахрир" шетелдік радикалды уағызшыларының дәрістерін алу және тарату үшін интернет-ресурстарды пайдаланған. Топ жетекшісі бұған дейін тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін сотталған.  

Іздестіру барысында 10 күдікті ұсталды. Олардың тұрғылықты жерлерін тінту кезінде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазір терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан азаматы терроризмді насихаттағаны үшін сотталғанын жаздық. Сотталушының кінәсі қылмыстық іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді. Прокурор соттан Т есімді азаматқа бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Қорғаушы мен сотталушы жеңілірек жаза тағайындауды сұрады. Баспасөз қызметі соттың кінәні мойындау түріндегі жеңілдететін мән-жайларды белгілегенін түсіндірді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады