«Мамамнан айырылып қалдық»: Талғарда тағы бір кісі өлімі болды
Талғарда тағы бір адам қайтыс болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғар қаласында газ жарылып, оқиға орнында бір адам қайтыс болды.
Көз жұмған әйел қызы жұмыстан келген кезде шай қойған, жарылыс сол мезетте болған.
Қарындасым түнгі сағат 01:30 шамасында хабарласып, үй жарылып, мамамнан айырылып қалдық деді. Келсем үй өртеніп жатыр, өртті өшірген соң анамның сүйегін алып шықтық. Қарындасым мен інімді жедел жәрдемге тапсырдым», - дейді Sputnik.kz-ке берген сұхбатында марқұмның баласы Жандос Санғаджиев.
Ауылға газ биыл тартылған, бірақ жеке-жеке үйлерге кіргізілмеген. Зардап шеккен отбасы газ мамандарынан газды қосып беруді өтінген. Газ мамандарының болжамынша үй иесі газды өз бетімен қоспақ болған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші