Шаруалардың мәселесін көтеріп жүрген Алмасбек Садырбай қамауға алынды
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбайдың аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкерелегенін мәлімдеді.
Агенттіктің мәліметінше, Садырбаев өзі басқаратын адамдар тобымен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында «жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды» деген күдікке ілініп отыр.
«Негізгі мақсат - ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылған. Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға өтінімдер қашықтан берілді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларын хабардар етпей, олардың ЭЦҚ-сы пайдаланылды. Осылайша 1,2 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған», – делінген хабарламада.
Бүгінде Алмасбек Садырбай ұсталып, оның сыбайласы тергеу сотының санкциясымен үй қамауында отыр.
Материал авторы