«Өгей шешесінің баласы тиіседі»: әйел көршісінің 6 жасар қызына ағасы тиісіп жүргенін жария етіп, қызды зорлықтан құтқарып қалды

Аиса Махамбет Редактор
06.11.2024, 16:51
3974
«Өгей шешесінің баласы тиіседі»: әйел көршісінің 6 жасар қызына ағасы тиісіп жүргенін жария етіп, қызды зорлықтан құтқарып қалды iStock

Заңгер зерттей келе бүлдіршін қызға тиісіп жүрген 14 жастағы өгей ағасы мектепте оқымайтыны белгілі болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, заңгер Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында кішкентай қыздың оқиғасын бөлісті. 6 жастағы қызға 14 жастағы өгей ағасы зорлық көрсеткен.

Әйел көршісінің 6 жасар қызына өгей ағасы зорлық көрсетіп жүргенін айтып, заңгерден көмек сұрады. Айтуынша, баланың анасы қайтыс болып кеткен.

Сізден көмек сұрайын деген едім, кішкентай қызымның көрші құрбысы 6 жасар, үйге келіп екеуі ойнайды. Бүгін сол қыз келіп маған өгей шешесінің баласы тиісетінін сыбырлап айтты. Қыздың анасы қайтыс болған екен, өзіміз жақында көшкен едік. Көршілерді танымаймын. Тек қана әжесін білемін. Өгей ағасы тиісіп жүр ме деп күдіктенемін. Бір-екі рет ана жерлерін ұста деген. Әжесіне, папасына айтқан, папа ұрысты баланы дейді. Бірақ ол бала маған ренжіп жүр дейді. Мен қорқып кеттім, қандай көмек бере аламын? Мен не істесем болады?, - деп жазған келіншек. 

Заңгер оқиға бойынша полицияға және Астана қаласы бала құқықтары жөніндегі уәкіліне хабарласады. 14 жастағы баланың еш жерде оқымайтыны белгілі болған. 

Осы жағдайды дереу полицияға және Астана қаласы бала құқықтары жөніндегі уәкілі @bala.ombudsman.astana.kz Бимендина Әсима Темкенқызына хабар бердім. Бұл істің мән - жәйін тексеріп, қыздың ата-анасымен, өгей ағасымен полиция қызметкерлері бәрі жұмыс істеп жатыр. 

Өгей ағасы шынымен бар екен, 14 жасар бірақ ешқайда оқымайтын бала болып шықты. Неге мектепке бармағанын өздері анықтап жатыр. Қәзіргі уақытта кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекция, бала уәкілі бәрі өз жұмыстарын атқарып жатыр. Осы ретте Әсима Темкенқызына дер кезінде кішкентай қызға көмек беріп, мектепте тіркелмеген баланы анықтағаны үшін алғысымызды айтамыз.

Менің оқырманыма алғысымды айтамын. Қорықпай бүкіл болған жағдайды түнделетіп маған хабарлағаны үшін, өзінің азаматтық борышы санап қыз балаға жаны ашыған үшін рахмет!, - деп жазды ол.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады