«Мені үлгі етіңдер»: Ерке Есмахан күйеуінің концертінен соң ел алдында жан сырын ақтарды

Аиса Махамбет Редактор
06.11.2024, 17:20
2695
«Мені үлгі етіңдер»: Ерке Есмахан күйеуінің концертінен соң ел алдында жан сырын ақтарды жеке мұрағатынан

Ерке Есмахан жеке өміріндегі жағдайларда қолдаған жандарға ризашылығын білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі күйеуі екеуінің жас айырмашылығын сөз ететіндердің азайғанын айтты. 

“Кеше ерінбей концерт туралы жазылып жатқан пікірлерді шолып шықтым. Концертті жақсы өтті деп жазып қана қоймай, жаңа деңгей деп те бағалап жатыр екен. Жолдасым үшін риза болдым. Еңбегі ақталды. Мақсаты орындалды. Бірақ байқағаным ол емес. Байқағаным, біздің жұбымыз бен отбасымызды жақсы көретін адамдардың көбейгендігі. Бұрынғыдай қабылдай алмау, шеңберден шықпау деген түсінік жоқ. Еркектің сөзіне, жасына емес, жасаған ісіне мән беруді түсініпті. Ал, әйелдің әдемілігі ұштасса, бәрі керемет болатынын жазыпты.

Бұрынғыдай жаман пікір мен хейт жоқтың қасы. Бақыт тілеп, сүйсініп, бата беріп жатқандар көп. Дегенмен, арасында өз өмірлеріне өкпелі жандар да табылады. Ауыр-ауыр сөздер жазып, жеңіл мазаққа жазатындар да жоқ емес. Жанашырларымыз бір жаман пікірге бізді жақтаған 10 жауап қайтарыпты. Соны оқып, гүл-гүл жайнап отырмын”, – деді әнші. 

Сондай-ақ эстрада жұлдызы бір-бірін күндеп отыратын адамдарға өмірдің қысқа екенін еске салды.

“Жандарым, мына жалған өмірге келеміз де кетеміз. Болмайтын дүниеге уақыт құртпаңыздар! Фокус тек өзіңізде болсын. Ештеңеден қорықпай өздеріңіз махаббат, бақыт, тыныштық үшін күресіңіздер! Қиындау болып жатса, мені естеріңізге алыңыздар! Мен де бәріне бірдей қол жеткізген жоқпын. Мен сендерге үлгімін. Құшақтадым”, – деп жазды өнер иесі. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады