Саңыраулар қоғамының басшысы бюджет қаржысын жымқырған
Кеше ғана Үкіметте мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мәселесі көтерілген болатын. Десе де, сол салаға бөлінген қаражатты талан-таражға салып, әккі әрекеттерге баратындар да аз емес.
Бүгін Қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысы алаяқтық қылмыс жасағаны белгілі болды.
Антикор мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының «Шығыс» корпоративтік қорының басшысын әккі әрекетін әшкерелеген.
«Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деген күдікке ілінді», - деп хабарлады Антикор.
Материал авторы