Мастықпен 15 жасар баланы пышақтап кеткен алматылық 4 жылға сотталды

Аиса Махамбет Редактор
08.11.2024, 13:50
586
Мастықпен 15 жасар баланы пышақтап кеткен алматылық 4 жылға сотталды bryansktoday.ru

Баланың сыныптастары ұстап алған мас адамды полиция үйіне жіберген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда мамыр айында мас күйінде жасөспірімді пышақтап кеткен ер адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

2024 жылы 15 мамырда Түрксіб ауданында ішімдікке тойып алған ер адам 15 жасар жасөспірімді үй маңайында досымен бірге мопед мініп жүргені үшін пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер баланың жолы болғанын, оның сан артериясы мен маңызды мүшелері зақымданбағанын айтты.

Баланың сыныптастары қаскүнемді полициядан қашып кетпесі үшін үйінің жанында бақылап, ұстауға көмектескен. Бірақ полиция ер адамды ұстамай, үйіне жіберген.

Аталған жағдайға қатысты "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қыркүйек айында қылмыстық іс толығымен әкімшілік іске айналды. Мұндай жағдайда күдікті 55 мың теңге айыппұлмен құтылып кетуі мүмкін еді. Сондықтан жәбірленушінің отбасы істі қайта қарауды талап етті.

Осылайша айыпталушы "Бұзақылық" бабы бойынша төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол жәбірленушінің отбасына бір миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды